2007 жылдың қарашасында Калуга қаласындағы Фольксваген зауытында Фольксваген және Шкода маркалы автомобильдерді сериялық құрастыру басталды. Калуга зауытының қуаты жылына шамамен 150 тыс. автомобильді құрайды. 2010 жылдың екінші жартысына қарай зауыт автомобильдерді өндіру мен құрастырудың толық цикліне көшіп, өзінің максималды қуатына жетуді жоспарлап отыр. Фольксваген компаниясы үшін «ФОТОТЕХ» отқа төзімділігі 45 минут болатын 160 кв.м. жарық өткізетін өртке қарсы конструкцияларды — қалқалар мен есік блоктарын жобалап, өндірді.