ФОТОТЕХ компаниясы серіктестік қарым-қатынастарды әрбір тапсырыстың адалдық, жауапкершілік және ашықтық қағидаттары негізінде құрады. Сізге ыңғайлы болуы үшін бұл бөлімде біздің ынтымақтастығымыз барысында қажет болуы мүмкін ақпаратты орналастырдық.
Мұнда Сіз бұйымдарды өз күшімен алып кету жөніндегі нұсқаулықпен таныса аласыз, сенімхат, рекламация бланкілерін, бұйымдарға тапсырыс беру чек-парағын және тапсырыстың өту жол картасын жүктей аласыз. Сондай-ақ біз Сіз үшін кейбір бұйымдарды пайдалану ерекшеліктері, оларды тасымалдау және сақтау қағидалары, кепілдік шарттары туралы ақпарат жинадық. Бұдан бөлек, мұнда сертификаттардың түпнұсқалығын қалай және қайда тексеруге болатынын біле аласыз.
Сіз өзіңізді қызықтырған барлық сұрақтарды +7 (727) 000-00-00 немесе +7 (727) 000-00-00 телефоны арқылы қоя аласыз.