Шереметьево-3 әуежайының жаңа терминалы алғашқы жолаушыларды 2009 жылдың басында қабылдайды. Терминалға Аэрофлот авиакомпаниясының және оның еншілес компанияларының барлық ішкі және сыртқы рейстері көшіріледі. Сондай-ақ ол Sky Team авиаальянсы үшін негізгі терминалға айналады.
Шереметьево-3 жалпы ауданы 168 тыс. кв. м, жылдық өткізу қабілеті 12 млн жолаушы. Жаңа терминалды салу және жайластыру кезінде қолданылған заманауи технологиялар жолаушыларды тіркеу уақытын 1,5 минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Ал ұшақ қонғаннан кейін паспорттық бақылаудан өту және багажды алу уақыты 45 минутқа дейін қысқарады. Жолаушылар терминалда жайлылығы жоғары 6 залдың, 5 балалар бөлмесінің, 25 дүкеннің, тәулік бойы жұмыс істейтін 18 кафе мен мейрамхананың және көптеген басқа қызметтердің мүмкіндіктерін пайдалана алады.
Осы жоба үшін «ФОТОТЕХ» компаниясы отқа төзімділігі 45 минут болатын фигуралы күңгірттелген бірегей моллирленген қалқаларды; отырғызуға шығу аймақтарын бөліп тұратын шыны жабындары бар 90-минуттық өртке қарсы қалқаларды; отқа төзімділігі EI-45 өртке қарсы қалқаларды, сондай-ақ қарапайым жарық өткізетін конструкцияларды дайындады. Конструкциялардың жалпы ауданы 1000 кв.м.-ден астам.